Президент Пасха мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Пасха мерекесімен құттықтады

15.04.2023

Мемлекет басшысы еліміздегі православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады.

«Бұл – мейірімділікті, бейбітшілікті, әділдікті дәріптеп, жұртшылықты қайырымдылық жасауға, жақындарына жанашыр болуға шақыратын мейрам. Біз жалпыұлттық бірлікті нығайтып, баға жетпес байлығымыз – этностар мәдениетінің және діни салт-дәстүрдің әралуандығын сақтаймыз. Пасха мерекесі әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!», - деді Президент.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу