Атырау облысында сушидан улану дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында сушидан улану дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

05.01.2021

Атырау облысында сушидан улану дерегіне қатысты яғни, балық тағамын сатқан кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. 50-ге жуық адамнан бактериялық сынама алынып, 23-інен сальмонеллез қоздырғышы анықталған. Сондай-ақ, жапон тағамын дайындайтын орынды тексеру кезінде де біраз былықтың беті ашылды. Сушидің құрамына қосылатын шаян таяқшасы мен тұздықтарда талапқа сай емес болып шықты. Бүгінде ауруханада жатқан 5 пациенттің жағдайы орташа ауыр. Егер кәсіпкердің кінәсі толық дәлелденсе жұмысын үш жылға дейін тоқтады немесе ірі көлемде айыппұл төлейді.

Айнагүл Сәрсенғалиева облыстық санитарлық эпидемиологиялық департаментінің бөлім басшысы: 
-Тағам дайындаған аспазшылардан стафилококк ауруын қоздырғышы анықталды. Және алынған сүртінділерден шартты патагет хлорлары анықталды.

Айта кетейік, келеңсіз оқиға бір апта бұрын Жылыой ауданында болды. Ол кезде 16 адам өзін жайсыз сезініп ауруханаға түскен еді. Кейін бұл көрсеткіш өсіп, науқастар саны 50-ге жуықтады.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу