«ADAL» партиясы 4 мыңнан астам кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ADAL» партиясы 4 мыңнан астам кездесу өткізді

04.01.2021

Адал партиясы үгіт-насихат кезеңі басталған күннен қазірге дейінгі аралықта атқарылған жұмысты қорытындылады.  

Мәжіліс депутаттығына ұсынылып отырған үміткерлер осы уақыт ішінде еліміздің барлық аймағында 4200-ден астам кездесу өткізген. Бұл шараларда 200 мыңнан астам адамға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, құжаттың негізгі бағыттары жайлы жан-жақты ақпарат берілді. Бұл кездесулерде негізінен жергілікті тұрғындарды алаңдатып отырған әлеуметтік мәселелер көтерілді. Елді мекендердің тұрмысын жақсарту, жол сапасы, халықты ауыз сумен қамту, ауылдарға интернет тарту, газдандыру, дәрігерлер мен ұстаздардың жалақысын көтеруге қатысты ұсыныстар айтылды.

Бауыржан Оразғалиев, «ADAL» саяси партиясының аппарат жетекшісі:  
-Филиалдарымыз бұл өтініштерді жұмысқа қабылдап, нәтижесін баяндайды. Облыстық деңгейде, шағын ауылдарға дейін жеттік. Әр сайлаушыға жеттік деп айта аламын. Оффлайн кездесу болмаса, онда онлайн форматта әр сайлаушыға жеттік деп айта аламыз.    


Хабарламаларға жазылу