ҚХП өкілдері Теміртаудағы ана мен балаға арналған орталыққа барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХП өкілдері Теміртаудағы ана мен балаға арналған орталыққа барды

30.12.2020

Ана мен баланы зорлық-зомбылықтан қорғау жұмыстарын жетілдіру қажет. Бұған дейін де ол үшін түрлі бағдарламалар қолға алынған. Тек соларды жүзеге асыру кезінде белгілі болған кемшіліктердің орнын толтыру керек,-деп есептейді Қазақстанның халық партиясы өкілдері. Партияның үгіт-насихат тобы Теміртаудағы ана мен балаға арналған дағдарыс орталығына арнайы барды. 

Мұнда қазір қиын жағдайға түскен 10-ға жуық адам уақытша тұрып жатыр. 6 ай паналайды. Ал орталықтағы психолог, заңгер мамандар олардың қоғамға қайта бейімделуіне жан-жақты қолдау көрсетеді. Көбіне ана мен бала отбасылық кикілжің кесірінен осындай жағдайға түседі. Отбасы мүшелерін қайта табыстыру, татуластыру да дағдарыс орталықтарының басты мақсатына айналуы тиіс.  

Дмитрий Полтаренко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер:   
-Қиын жағдайға тап болған аналарды қорғау, олардың отбасын сақтап қалуға көмектесу қоғамдағы үлкен мәселе. Біз олардың өмірін жақсартып қана қоймай, балаларының да алаңсыз түзу, жақсы тәрбие алып өсуіне жол ашамыз.  

Әлеуметтік мемлекет құру, қазіргі шынайы жағдайға байланысты экономикалық стратегияны өзгерту және ашық үкімет жасақтау - Қазақстан халық партиясының алдына қойған мақсаттарының негізгі үштағаны. Саяси ұйым ең алдымен денсаулық пен білім берудің қолжетімді болуын әрі сапасын арттыруды қалайды.

Күлайша Мүсілтаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер:  
-Бірінші үй жағдайы, көбісі пәтер жалдап тұрады, дәрігерлердің жағдайы жоқ. Айлықтары аз алып жатқан. Өздері түнгі ауысыммен жұмыс жасайды. Сол үшін статустарын, әлеуметтік жағдайын көтеру керек.  

Сайлауалды бағдарламада жүйеленген тағы бір бастаманың бірі зиянды тағамдық қоспаларды пайдалануға тыйым салатын және дәрі-дәрмектерді орынсыз тағайындап, насихаттағандарды қылмыстық жазаға тартатын заң қабылдау.

Ғани Қалмахан, Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу