ҚХП өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХП өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесті

29.12.2020

Қазақстан халық партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесуді жалғастыруда. Олар бүгін Көкшетауда болып, «Новопэк» зауытының жұмысшыларымен жүздесті. 

Кездесуде үгіт-насихат тобының мүшелері партияның негізгі ұстанымдарын, мақсат-мүдделерін жеткізді. Саяси ұйым әлеуметтік мәселелерге басымдық береді. Денсаулық сақтау саласын жетілдіруді көздейді. Сондай-ақ, халықты баспанамен қамту, зейнетақы жүйесін өзгерту, мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету сынды тақырыптарда ой бөлісті. Кездесу келген жұмысшылар да өздерін алаңдатқан сұрақтарды көтерді.     

Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер: 
-Медицина саласындағы реформалар туралы көп мәселелер көтерілді. Бұл түсінікті де және бұл біздің бағдарламамыздың ішінде бар.  

Бұл кәсіпорын полиэтилен қаптарын шығарады. Өнімге сұраныс бар. Бірнеше жыл бұрын өндірісті ұлғайтып, жаңа цех ашты. Ал жұмысшылар саны - 1 мыңнан асады.   

Кәсіпорын өндірісте озық жаңа құрылғыларды қолданады. Бұл еңбек өнімділігін арттыру жол ашады. Бүгін кездесуге келген Қазақстанның халық партиясы да өнеркәсіпте заманауи технологияларды кеңінен енгізуді қолдайды. Бұл экономиканың өсіне қарқын береді.    

Асима Нұрбайқызы, Ермек Елберген  


ҚХП сайлау партия

Хабарламаларға жазылу