Коронавирустың жаңа штаммы АҚШ-қа жетті

30.12.2020

Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штаммы АҚШ-қа да жетті. Сонымен қатар, ол Италия, Чили, Үндістан мен Пәкістанда да анықталып отыр. Әлемде жаппай екпе егу науқаны басталса да, індеттің таралуы бәсеңдемей тұр. Сондықтан көптеген елдер карантинді күшейтуге мәжбүр.  

Ұлыбритания алғашқы болып AstraZeneca компаниясы мен Оксфорд бірлесіп шығарған вакцинаны мақұлдады. Мұнда жаппай тестілеу басталғалы бір тәулікте вирус жұқтырғандар бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелген. Күні кеше 53 мыңнан астам адамнан індет анықталды. Сондықтан бүгіннен бастап шектеу шаралары төртінші деңгейге дейін көтеріледі.  

Ал Түркия қытайлық Sinovac екпесінің алғашқы партиясын сатып алды. Препарат 14 күн тестілеуден өткен соң, медицина мамандары мен егде жастағы тұрғындарға салына бастайды. Жалпы елде «ковид» жұқтырғандар саны 2 миллион 170 мыңнан асып, 20 мыңдай науқас қайтыс болды. 

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу