Аймақтарда Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесуі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аймақтарда Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесуі басталды

06.01.2020

Сапар барысында депутаттар өндірістік және әлеуметтік нысандарға барып, кәсіпорындардың, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің еңбек ұжымдарымен кездесті. Соның бірі — Елордадағы «Астана-Теплотранзит» кәсіпорны. Депутаттар қызметкерлерге атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа форматы, медициналық сақтандыруды енгізу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мемлекет басшысының жолдауын іске асырудағы басым бағыттарға да тоқталды. Сонымен қатар, қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер мен көлікті мас күйінде жүргізгендерге қатысты шаралар туралы айтты. Өндіріс орны мамандарының Ұлттық қоғамдық кеңеске қатысты сұрақтары көп болды. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу