Бейжіңдегі жаңадан ашылған әуежай теңіз жұлдызына ұқсайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңдегі жаңадан ашылған әуежай теңіз жұлдызына ұқсайды

26.09.2019

Қытайда «теңіз жұлдызына» ұқсас, әлемдегі ең ірі әуежайлардың бірі - «Дасин» өз қызметін бастады. Ол Бейжіңнің орталығынан 46 шақырым жерде орналасқан. Жаңа авиациялық терминал маңында 4 ұшу-қону жолағы бар. Бес бұрышты әуе порты жылына 620 мың рейс қабылдай алады. Ал 2025 жылға қарай одан 72 миллион жолаушы өтеді деген болжам бар.

«Дасин» инженерлік тұрғыдан өте күрделі. Оның шатыры 25 футбол алаңына пара-пар. Ал дизайнын әйгілі сәулетші Заха Хадид жасаған. Жобаның құны - 63 миллиард доллар.

Қазір халықаралық әуе компаниялары рейстерінің басым бөлігін осы әуежайға көшіруді жоспарлап отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу