Египет-Қазақстан бағытындағы жаңа әуе рейстері ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Египет-Қазақстан бағытындағы жаңа әуе рейстері ашылады

22.05.2017

Египет пен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны артпақ. Қосымша рейстер шілде айынан бастап Шарм-эль-Шейх пен Астана, Алматы және Атырау қалалары арасында ұшатын болады. Бұл қазақстандықтардың жазғы демалысын осы  елде өткізуіне қолайлы жағдай жасамақ.  Өйткені, отандық туристік агенттіктер Шарм-эл-Шейх қаласында демалуға ниетті жандар үшін біршама жеңілдіктер қарастырып отыр. Сондай-ақ, жаңа әуе рейстері «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында Қазақстанға келетін туристер санын арттыруға да әсер етпек.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу