Нұр-Сұлтандағы жаппай төбелеске қатысы бар 11 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтандағы жаппай төбелеске қатысы бар 11 адам ұсталды

23.12.2020

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелестен екі адам қайтыс болып, тағы біреуі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Оқиға кеше түнгі 11 жарым кезінде Бетон зауытының маңында болған. Полицияның мәліметінше, төбелеске қарыз себеп болған. Осы оқиғаға қатысы бар 11 адам ұсталды.  

Эльмира Шәуленова, қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі: 
-Қазіргі уақытта айғақты заттар тәркіленіп алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Амангелді Сейітхан  


Нұр-Сұлтан төбелес

Хабарламаларға жазылу