Түркия астанасында жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 11 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия астанасында жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 11 адам ұсталды

15.03.2016
Түркия астанасында жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 11 адам ұсталды
Анкарадағы жарылысқа қатысы бар адамдарды құзырлы органдар Текирдағ және Шанлыурфа қалаларынан іздестірді. Ұсталған 11 адамның арасында террорист әйелдің отбасы мүшелері де бар. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Жанкешті Сехер Чағла Демир 2012 жылы үйінен безіп, университеттегі оқуын тастап кеткен. 2013 жылы әкесі оған іздеу салып, содан бері көрмеген. Қызынан түңілген әкесі одан бас тартып, жаназасын да шығармаймын деп отыр.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу