Алматыда жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды

18.09.2023

Алматыда жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды. Өткен демалыста болған жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алдын ала мәліметке сай, бір топ жігіт үш адамға жабылып ұрып-соққан, телефондарын тартып алған.

«Текетірестің неден басталғаны әзірге белгісіз. Анықтау жұмыстары жүріп жатыр», - дейді полиция өкілдері. Қазір Қылмыстық кодекстің бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Оқиғаның мән-жайы тергеуден кейін белгілі болмақ.  


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу