Атырау облысында қатты желден 20-ға жуық нысан бүлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында қатты желден 20-ға жуық нысан бүлінді

15.01.2021

Атырау облысында қатты желден бүлінген 20-ға жуық нысан қайта жөнделетін болды. Олардың қатарында Мақат аудандағы 3 мектеп те бар. Жергілікті билік қазір арнайы жұмыс тобын құрып, жағдайды бақылауға алды. Сондай-ақ, құтқарушылар дауыл кезінде жоғалып кеткен үш тұрғынды тапты. Олардың екеуі мал бағып жүріп адасып қалған.   

Баян Жанұзақова, облыс әкімдігі баспасөз қызметінің өкілі:    
-Әлеуметтік нысандардың шатыры әкімдік ұйымдастыруымен жөнделді. Ал, бірқатар нысанды мердігер компаниялар келісімшартта көрсетілген кепілдіктерге сай өздері жөндейді.  

Жандос Темірғали 


Хабарламаларға жазылу