Ресейден СҚО-ға келген 208 адамнан коронавирус анықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейден СҚО-ға келген 208 адамнан коронавирус анықталған

22.12.2020

Солтүстік Қазақстан облысына соңғы екі айда Ресейден келген 208 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы, қазан айынан бері 10 мыңнан астам адам шекарадан өтсе, олардың 2134-інде ПТР анықтамасы болмаған. Қазір өңірдегі екі ауданда алты елді мекен әлі карантинге жабық. 

Сондай-ақ, облыс бойынша 6 мектеп оқушыларды қашықтан оқытуда. Мамандардың айтуынша, ауру жұқтырғандар азайып келеді, бірақ, сақтық шараларын сақтаған жөн.

Арман Күшбасов, облыстың бас санитарлық дәрігері:
Шекара анықталған науқастардың 21-і жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды, қалғандары амбулаториялық ем қабылдады. Шекарадан өтпек болған 270 шетелдік азаматтың ПТР анықтамасы болмағандықтан кері қайтарылды.

Сағындық Сәбитұлы

СҚО

Хабарламаларға жазылу