Мерзімі өткен ПТР анықтамасымен елге келген қырғыз азаматы депортацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мерзімі өткен ПТР анықтамасымен елге келген қырғыз азаматы депортацияланды

22.12.2020

Солтүстік Қазақстан облысына соңғы екі айда Ресейден келген 208 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы, қазан айынан бері 10 мыңнан астам адам шекарадан өтсе, олардың 2134-інде ПТР анықтамасы болмаған. Қазір өңірдегі екі ауданда алты елді мекен әлі карантинге жабық.  

Сондай-ақ, облыс бойынша 6 мектеп оқушыларды қашықтан оқытуда. Мамандардың айтуынша, ауру жұқтырғандар азайып келеді, бірақ, сақтық шараларын сақтаған жөн.

Арман Күшбасов, облыстың бас санитарлық дәрігері:   
-Шекара анықталған науқастардың 21-і жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды, қалғандары амбулаториялық ем қабылдады. Шекарадан өтпек болған 270 шетелдік азаматтың ПТР анықтамасы болмағандықтан кері қайтарылды. 

Ақтау әуежайында мерзімі өтіп кеткен ПТР анықтамасын көрсеткен қырғыз азаматы депортацияланды. Ол елге Түркиядан ұшып келген. Кеше Ақтауға халықаралық рейспен - 138 жолаушы келді. Бес азаматтың ПТР анықтамасы болмаған. Олар қазір оқшауландырылды.   

Сағындық Сәбитұлы


ПТР анықтама депортация

Хабарламаларға жазылу