Ресейде бір тәулікте 18 833 адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде бір тәулікте 18 833 адам коронавирус жұқтырды

24.08.2021

Ресейде соңғы бір тәулікте 18 мың 800-ден астам адамнан коронавирус анықталды. Індетпен күрес жөніндегі шұғыл штабтың бүгінгі дерегіне сай, өткен тәулікте 794 адам қайтыс болған. Мәскеудің өзінде 1 105 тұрғынның ковид жұқтыру дерегі тіркелді. Маусымның басынан бері Ресейде күніне 20 мыңнан астам адамға коронавирус диагнозы қойылып келген еді. Ал, осы аптада бұл көрсеткіш әлдеқайда төмендеді.

Ал, Жапонияда Паралимпиада ойындарына қатысы бар тағы 10 адам коронавирус жұқтырды. Олардың арасында Олимпиада ауылында тұрып жатқан бір Паралимпиада атлеті бар. Жалпы, тамыздың 12-нен бері спорттық ойындарға тіркелген 154 адамнан коронавирус анықталған.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу