Алматыда науқастардың жартысынан астамы өз бетінше ем алған
Алматыда телемедицина орталығының реаниматологтары пандемия басталғалы 2 мыңдай шақыру алды, 5 мыңнан астам адамға кеңес берген. Бұл туралы қаланың штаттан тыс бас реаниматолог-анестезиологы Тілеуберді Қуандықов айтты. Ал вирус жұқтырып, ауыр жағдайға түскен науқастардың жартысынан көбі үй жағдайында өз бетінше ем алған. Олардың басым бөлігі ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген және алдын ала дәрігер көмегіне жүгінбегендіктен көбінің ахуалы аса ауыр болған.
Тілеуберді Қуандықов, реаниматолог-анестезиолог:-Жансақтау бөліміндегі науқастардың 30 пайызы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жалпы орта есеппен алғанда жансақтау бөлімінде ем алып жатқандардың 15-20 пайызының жағдайы ауыр және тұрақсыз болады. Сонымен қатар, бүйрек, жүрек аурулары, қант диабеті бар және инсульт алған науқастардың бойында қауіпті инфекция бары кейін анықталып жатады. Ал қайтыс болғандардың басым бөлігінде жүрек-қан тамыр аурулары, қант диабеті, цирроз, онкологиялық аурулар бар.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02