III тоқсаннан бастап 9,11,12-сыныптар пәндердің 70%-ын дәстүрлі форматта оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

III тоқсаннан бастап 9,11,12-сыныптар пәндердің 70%-ын дәстүрлі форматта оқиды

20.12.2020

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомстоваралық комиссияның отырысында елде желтоқсанның 25-нен бастап 5-ші қаңтарға дейін карантин тәртібін күшейту туралы шешім қабылданған. Жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, ковидке қарсы дәрі-дәрмекті 24 пайызға арзандату тапсырылған. Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша 9, 11 және 12 сыныптар III тоқсанда пәндердің 70 пайызын дәстүрлі форматта оқиды.  

Білім алудағы олқылықтарды аз да болса толтыру үшін басқа да сыныптардың оқушыларына сабақтан тыс уақытта жеке консультациялар ұйымдастыруға рұқсат. Бірақ топта 5 оқушыдан ғана болуы керек. Колледж бен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері 2-ші семестрден бастап аралас оқыту форматына көшеді. 

Жайна Сламбек


III тоқсан сынып дәстүрлі оқыту білім карантин Білім және ғылым министрлігі

Хабарламаларға жазылу