Теңіз кенішіне ПТР анықтамасыз кірмек болғандар ұсталды
Атырау облысындағы Жылыой ауданында полиция қызметкерлері Теңіз мұнай кен орнына ПТР анықтамасыз кірмек болған бір топ адамды ұстады. Олардың арасында Орынбор қаласында тұратын екі Ресей азаматы да бар. Заңсыз әрекетке барған 5 адам блок-бекетті Lada Granta автокөлігімен айналып өтуге тырысқан. Бұған дейін де 2 жұмысшы жалған ПТР анықтамамен кенішке кіруге оқталған болатын. Қазір олардың ісі Қылмыстық кодекске сай әлі де тергеліп жатыр.
Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Құжаттарды тексеру барысында үш жолаушының, оның ішінде бір ресейлік азаматта ПТР тест болмай шықты. Көліктегілер Теңіз вахталық кентінде орналасқан компаниялардың біріне бармақшы болған. Қазіргі уақытта жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін аудандық санитарлық- эпидемиологиялық бөлімге жолданды.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07