Ақтау-Ыстамбұл рейсінде жағдайы нашарлаған алты айлық бала көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтау-Ыстамбұл рейсінде жағдайы нашарлаған алты айлық бала көз жұмды

15.12.2020
Ақтау-Ыстамбұл рейсінде жағдайы нашарлаған алты айлық бала көз жұмды

Екі апта бұрын Ақтаудан Ыстамбұлға бет алған ұшақтың ішінде жағдайы нашарлаған алты айлық ұл бала облыстық балалар ауруханасында жатып көз жұмды. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Естеріңізге сала кетейік, 30 қараша күні Ақтау әуежайынан шыққан ұшақ 1,5 сағаттан кейін шұғыл түрде кері қайтып, Ақтау әуежайына қонған болатын. Себебі, жолаушылардың бірі, дәлірек айтсақ, алты айлық ұл баланың денсаулығы нашарлаған. Жедел жәрдем баланы Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Бірнеше күн реанимацияда жатқан баланың ыстығы түспей, демі тарылып, ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 

Дәрігерлер баладан коронавирус анықталған жоқ дейді. Бірақ, баланың организміннен  сепсис, ауыр формадағы энцефалит табылып, балаға ауа жетпеген. Дәрігерлер қанша тырысса да, науқастың беті бері қарамай,  2 желтоқсан күні оның биологиялық өлімін тіркеген. 


Хабарламаларға жазылу