Түбегейлі энергетикалық реформа жасау үшін уақыт керек - экологтар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түбегейлі энергетикалық реформа жасау үшін уақыт керек - экологтар

13.12.2020

Дания Солтүстік теңізде мұнай мен газды геологиялық барлаудан бас тартты. Ал 2050 жылға қарай қара алтын өндіруді тоқтатпақ. Осыған сәйкес, Дания билігі кеніштерді игеруге берілетін лицензиялау процесінің соңғы раундын да өткізбей тастады. 

«Біз қазба байлық дәуіріне нүкте қоямыз», деген энергетика және климат проблемалары жөніндегі министрі Дан Йёргенсен. Негізі Дания – ЕО арасында мұнай өндіру бойынша жетекші ел.

Өткен күзде «күзендер коронавирус таратып жатыр» деп 15 млн-дай күзенді қырып тастаған бұл елдің шенеуніктеріне табиғат жанашырлары қабақ шытқан. Ал мұнай өндірісін тоқтату туралы саяси шешім сол түйілген қабақты жазып отыр. «2050 жылға қарай шикізат қоры Данияда онсыз да түгесілуге жақындайды, экологиялық жағынан саналы деп ұпай жинауға тамаша мүмкіндік» деп кекетіп жатқандарға қарамастан, рас, елең еткізетін жаңалық.

Біздің мұнай-газдан бас тартпайтынымыз белгілі. Ал қалпына келетін энергия көздерін де пайдалану керек деген мәлімдемелер не болды? Жасыл экономика туралы роликтер көрсетілмей кетті. Азамат Алдоңғар анықтап көрді.


Хабарламаларға жазылу