«Нұр жолы» кеден бекетінде 10 қарашадан бері кептеліс. Көліктер жүйткімек тұрмақ, жылжымайды дерлік. Қытай жағы қазақстандық көліктерге шектеу қойған. Жүргізушілердің де жүйкесі тозды. Олардың кейбірі 3 айдан бері көлікте өмір сүріп жатыр. Әміржан есімді шопырдың жағдайын қазір сюжетте баяндаймыз.
Сонымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының есебінше, Қытайға өте алмай шекара бекетінде 8 мың вагон мен әйдік жүк машиналары тұр. Палатаның басқарма төрағасының орынбасары Талғат Темірхановтың айтуынша, мына түрімен жүк көліктерінің шопырлары Жаңа жылды трассада қарсы алады.
Қытайға қарай бұрын тәулігіне 100-150 көлік, 900 вагон өтсе, қазір 20 көлік пен 500 вагон ғана өтеді. Тиісінше, қазақстандық кәсіпкерлер міндеттемелерін орындай алмай шығынға батып жатыр. Кәсіпкерлер палатасы Үкіметтен қытайлық әріптестерімен келіссөз жүргізуді сұрайды.
Алматы облысындағы меншікті тілшіміз Қуаныш Қанатұлының «Нұр жолыдан» репортажы.