Қызылорда облысында УАЗ көлігі мұз астына түсіп кетіп, 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында УАЗ көлігі мұз астына түсіп кетіп, 4 адам қаза тапты

09.12.2020
Қызылорда облысында УАЗ көлігі мұз астына түсіп кетіп, 4 адам қаза тапты

8 желтоқсанда Арал ауданы Қамыстыбас ауылынан 35 шақырым жердегі Қамбаш көлінде УАЗ автокөлігі мұз астына түсіп кетіп, 4 адам қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлінің баспасөз қызметі хабарлады.

Водомствоның ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, салонда 7 адам болған. 3 адам көліктен шығып үлгерген. Құтқарушылар суға батып кеткен 4 адамның денесін алып шықты. 

«7 метр тереңдікте (мұздың қалыңдығы 25 см) УАЗ автокөлігі табылды. Автокөліктің ішінде қайтыс болған адамдардың денеcі бар. Сағат 10:05-те құтқарушылар қаза тапқан 4 адамның мәйітін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы ТЖТ-ның, Полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары және туыстары (27 адам, 7 бірлік техника) жұмылдырылды», - деді ресми өкіл.​

Қызылорда облысы Арал ТЖД полиция

Хабарламаларға жазылу