СҚО-да демалыс күндеріндегі локдаун алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да демалыс күндеріндегі локдаун алынады

08.12.2020

«Қызыл аймаққа» кіретін Солтүстік Қазақстан облысында желтоқсан айының ортасына қарай демалыс және мереке күндеріндегі локдаун алынып тасталады. Бұл туралы өңір басшысы Құмар Ақсақалов онлайн брифинг барысында мәлімдеді. Оның сөзінше, аймақта қатаң шектеу шаралары бір айдан бері қолданылып келеді. Шекара бекеттерінде карантиндік стационарлар ашылған. ПТР тест болмаған жағдайда аймаққа кіруге тыйым салынған. Пойыздардың саны қысқарып, өңірдегі автобус маршруттары тоқтатылды. Әкім вирус жұқтырғандар мен ауруханаға түсетін науқастар саны күн сайын азайып келе жатқанын атап өтті. Індетке шалдыққандардың 94 проценті дерттен сауығып шыққан. 

Құмар Ақсақалов, СҚО әкімі
Денсаулық сақтау жүйесіне де айтарлықтай салмақ түсіп отырған жоқ. Стационарларда төсек-орын қорының тек 32%-і ғана толған. Жағдайы ауыр және жасанды тыныс алдыру аппаратына мұқтаж пациенттер саны да өсіп жатқан жоқ. Сол себепті қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, желтоқсанның ортасына қарай біз демалыс және мереке күндерінде локдаунды алып тастап, облыс орталығында шектеу шараларын әжептәуір жеңілдетуді жоспарлап отырмыз. 

Фариза Мұсақызы

СҚО брифинг коронавирус

Хабарламаларға жазылу