Елімізде демалыс күндері карантиндік шектеулер сақталады

14.08.2020

Келесі аптадан бастап елде карантин шаралары жеңілдейді. Бірақ демалыс күндері шектеу сақталады. Өйткені, вирустан әлі қауіп көп. Сондықтан қатаң сақтық керек. Ал қазіргі шектеу бизнеске оңай тимей тұр. Тіпті көбі банкрот болудың алдында тұр. Бұл туралы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы айтты. 1,5 айға созылған карантин дүйсенбіден бастап жеңілдейді. Бірақ, локдаун бірден емес, біртіндеп алынады. Әзірге демалыс күндері шектеулер сақталады. Яғни, адамдар көп шоғырланатын орындардың жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. 

 Айжан Есмағамбетова, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

Инфекцияның таралуына басты себеп не? Ол - адамдардың қарым-қатынасы. Өздеріңіз жақсы білесіздер, демалыс күндері халықтың жүріс-тұрысы, қарым-қатынасы көбейеді. Мұндай кезде вирусты да өршітіп алуымыз мүмкін. Ал елімізде қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бастап, коронавирустың тәуліктік өсімі 0,5 пайызға дейін төмендеді.


Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу