СҚО-да демалыс күнгі шектеулер алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да демалыс күнгі шектеулер алынды

10.02.2021

Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты демалыс күнгі шектеулердің бірқатары алынды. Сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары, базарлар мен спорттық нысандар, сұлулық салондары, моншалардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Тек жексенбі күні жабық болады. Қоғамдық көлік демалыс күндері де қатынайды. Жалпы, қазір өңірде вакциналау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Әсет Жұматаев, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Бүгінгі күні 1200 доза алдық. Оның 995-і екпе алды, олар - медицина қызметкері мен санитарлар.

Сағындық Сәбитұлы

Хабарламаларға жазылу