Теңіз кен орнының 42 жұмысшысы коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңіз кен орнының 42 жұмысшысы коронавирус жұқтырған

08.12.2020

Атырау облысында орналасқан Теңіз мұнай кен орнынының тағы 42 жұмысшысы коронавирусқа шалдықты. Олардан инфекция жұмысқа барар кезде тапсырған ПТР тест арқылы анықталған. Науқастардың бәрінде ауру симптомпсыз түрде өтуде. Індет ошағы болған екі вахталық қалашық жабылып, дезинфекцияланды. Кәсіпорында карантиндік шектеулер күшейтілді. Бүгінде зауыт аумағындағы 315 орындық инфекциялық стационарда 174 адам емделіп жатыр. 

Теңізде соңғы екі аптада эпидахуал ушығып тұр. Компания басшылығы жағдайдың өндіріс пен құрылыс жұмысына кері әсер етпейтінін айтады. Жүктеменің артуына байланысты денсаулық сақтау басқармасы айналасы бір-екі күнде кенішке тағы 15 медицина маманын жібермек. Жалпы облыста өткен тәулікте COVID-19-ды 61 адам жұқтырды.

Жандос Темірғали

коронавирус Атырау Теңіз кен орны

Хабарламаларға жазылу