Қостанай облысында карантин жеңілдеді

07.12.2020

Қостанай облысында карантин мерзімі тағы бір аптаға ұзартылды. Алайда індеттің таралу деңгейі тұрақтауына байланысты бірқатар жеңілдіктер енгізілді. Енді қоғамдық тамақтану орындары түнгі 23.00-ге дейін жұмыс істеуіне болады. Сауда нүктелерінің де қызмет көрсету уақыты бірнеше сағатқа ұзарды. Жабық спорт залдары мен бассейндер, шипажайлар мен өзге де емдеу-сауықтыру орындары келушілерді қабылдай бастады. Сонымен қатар Қостанай, Рудный, Жітіқара қалаларының кіреберісіндегі блок-бекеттер алынды. Ал облыс шекарасындағы мұндай тексеру орындары әлі де жұмысын жалғастырады. 

Владимир Нечитайло, Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері:
Бірақ тұрғындарға қалалар арасында маңызды себепсіз жүрмеуге кеңес береміз. Блок-бекеттер алынып тасталғандықтан әрине, оларды ешкім тексермейді. Алайда өзіңіздің және жақындарыңыздың саулығы үшін себепсіз жүріп-тұрудан саналы түрде бас тартуға шақырамыз. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу