Қостанайда 9 қарашадан бастап блок-бекеттер қайта қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 9 қарашадан бастап блок-бекеттер қайта қойылады

05.11.2020

Қостанай қаласының кіреберіс жолдарына алдағы дүйсенбіден бастап қайта блок-бекеттер қойылады.Вирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты карантин шаралары күшейтіліп жатыр. Сонымен қатар кешкі сағат 9-дан таңғы 6-ға дейін елді мекендер арасына қатынас шектеледі. ПТР-тест тапсырмағандарға облыс аумағына кіруге тыйым салынады. Адамдар көп жиналатын іс шараларға рұқсат жоқ. Мемлекеттік қызметкерлердің 80 проценті қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Демалыс күндері қала ішінде және елді мекендер арасында қоғамдық көліктердің жүруіне болмайды. Бұл шектеулер 9-ыншы қарашадан бастап екі аптаға созылады.   

Ал Жамбыл облысында карантин талаптары жеңілдеді. Бүгін шыққан қаулыға сәйкес 2-ші тоқсаннан бастап орта мектептерде 5-сыныпқа дейін, халықаралық деңгейлі мектептерде 7-сыныпқа дейін оқушылар кезекші топта оқиды. Бірақ бір сыныпта 15 баладан аспауы тиіс. Жалпы үш жүз балаға дейін қабылдайды. Сондай-ақ, театрлар мен ғибадатханалардың санитарлық талаптарды сақтай отыра жұмыс істеуіне рұқсат.   

Дәуренбек Әбдібек


Қостанай блок-бекет

Хабарламаларға жазылу