Питер Гриффитс: Түркістан әуежайы құрылысының ерекшелігі мен қиындығы қысқа мерзім ішінде салынып біткенінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Питер Гриффитс: Түркістан әуежайы құрылысының ерекшелігі мен қиындығы қысқа мерзім ішінде салынып біткенінде

06.12.2020

Былтыр құрылған «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» ұшырылымдардың қауіпсіз болуын техникалық жағынан бақылап, қадағалайтын, әлемдік үздік тәжірибені енгізетін уәкілетті орган. Оның Бас директоры Питер Гриффитстен интервью алдық. 

Питер Гриффитс Ұлыбритания көлік министрлігінің азаматтық авиация департаментін басқарған, Британия мемлекеттік азаматтық авиация агенттігінің жұмысын үйлестірген. Өзі де ұшқыш - Airbus 320 және Boeing 737 әуе кемелерінде экипаж командирі болған. Еуропалық комиссияда басшы қызметтер атқарған.

Түркістан әуежайы осы аптада қолданысқа берілді. Бұл Қазақстан үшін әуежай салу тұрғысынан ғана емес, оны қабылдап алу жағынан да алғашқы тәжірибе болды.Жалпы, облыс орталығына айналған Түркістанды түлетудің маңызын бәріміз жақсы білеміз.

Біз Питер Гриффитс мырзадан алдымен Түркістанда салынған әуежай жайын, сосын, бір жылға жуық уақыт бұрын болған Bek Air компаниясы ұшағының апатына байланысты талдау нәтижелерін сұрадық.


Питер Гриффитс Apta сұхбат

Хабарламаларға жазылу