Димаш Құдайберген америкалық Tixr.com платформасында онлайн концерт өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайберген америкалық Tixr.com платформасында онлайн концерт өткізеді

04.12.2020
Димаш Құдайберген америкалық Tixr.com платформасында онлайн концерт өткізеді

Димаш Құдайберген америкалық Tixr.com платформасында онлайн концерт өткізеді. Билет сатылымынан түскен қаржаттың бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалады, деп хабарлайды dimashnews.com сайты.

Бұл - Димаштың пандемия басталғалы алғашқы жаһандық қойылымы болмақ. Шара аясында жаңа диджитал-форматтағы бағдарламаның тұсауы кесіледі. Шоуда заманауи телевизиялық және виртуалды технологиялар қолданылмақ. Шараны ұйымдастыруға 140 адам жұмылдырылған. Концерт барысында Димаш бірнеше тілде ән айтады деп жоспарлнып отыр

«Димаш шығармашылығының жанкүйерлері үшін қызықты нәрсе жасауға тырыстық. Бірнеше ай бойы есте қаларлық және ерекше дүние жасау үшін үздіксіз еңбек еттік. Бұл концерт барлық көрерменге қуаныш сыйлап, соңғы уақытта барлығымызға қатты әсер еткен жағдайдан арылуға көмектессе деген тілегіміз бар», – деді «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі, жобаның продюсері Қанат Айтбаев. 
«Ең алдымен осы концертті ұйымдастырумен айналысатын бүкіл командаға, сондай-ақ өз шығармашылығының жанкүйерлеріне үлкен қолдауы үшін алғысымды жеткізгім келеді. Мен қайтадан сахнаға шығып, көрерменмен кездесуді асыға күтемін. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін», - дейді Димаштық өзі.
Димаш концерт Димаш Құдайберген

Хабарламаларға жазылу