Димаш «The World’s Best» шоуынан кетті

14.03.2019

Миллиондардың сүйіктісіне айналған Димаш Құдайберген «The World’s Best» шоуынан кетті. Америкалық байқауда «Adagio» композициясын орындаған соң, Димаш кететінін мәлімдеп, әділқазылардың төбесіне жәй түсірді. Әншінің айтуынша, ол бұл шоуда балалармен бәсекеге түскісі жоқ. Осылайша, финалда қазақстандық Данэлия Төлешова мен Үндістаннан келген Лидиан Надхасварам қалды.

Айта кетейік, қазылар алқасы мен көрерменді тәнті еткен ерекше дауыс иесі – Димаш Құдайберген, бұған дейін тиісті 100 ұпайдың 98-ін жинап, ақтық кезеңге өткен болатын. «S.O.S d’un terrien en détresse» әнімен сахнаға шыққан қазақстандық әншіге қазылар алқасы тік тұрып қол соқты. Әлемнің үздігін анықтайтын шоуда шешімді үш төреші мен жаһанның түкпірінен келген 50 сарапшы қабылдайды. 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу