«Халық үні» жобасы аясында БҚО тұрғындарына құқықтық кеңес берілді

03.12.2020

Орал өңірінде мүгедек жандарды мазалайтын мәселе көп. Бұл туралы облысқа арнайы барған «Адал көмек» жобасының жетекшісі Айман Омарова айтты. Құқық қорғаушы мүмкіндігі шектеулі жандарды жеке қабылдап, оларға жан-жақты кеңес берді. «Адал көмек» бастамасы тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруды көздейді. Сонымен қатар, өңірлердегі әлеуметтік түйткілдердің түйінін тарқату бағытында «Халық үні» жобасы жүзеге асып жатыр. Енді кез келген адам көпшілікке ортақ мәселелерді ашық жеткізіп, оны шешуге ықпал ете алады. Айман Омарова, облыстағы бірқатар аудандарды да аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдауды жоспарлап отыр.

Айман Омарова, «Халық үні» жобасының жетекшісі:
Бөрлі ауданына барамыз. Содан соң Шыңғырлау ауданына барамыз. Елді қабылдаймыз, елді тыңдаймыз. Қандай мәселелер бар? Қандай шешімге келуге болады? Шешімі бар ма сол мәселелердің? Соның бәрін біз тыңдап, нәтижесін айтамыз.

Рауан Диәли

Хабарламаларға жазылу