Павлодарда модульдік жұқпалы аурулар орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда модульдік жұқпалы аурулар орталығы ашылды

23.10.2020

Бүгін Павлодарда модульдік жұқпалы аурулар госпиталі ашылды. 200 адамға арналған кешенде сырқаттарға операция жасауға болады. 

Болат Аманбаев, тілші:
Бұл - жұқпалы ауруларды емдеуге арналған аймақтағы алғашқы кешенді модульдік аурухана. Аумағы 6800 шаршы метрді алып жатыр. Небәрі екі ай ішінде салынып бітті. Бұл жерде 200 ден аса медицина қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Олардың 85 жоғары білікті дәрігерлер. Қазірдің өзінде мекеме қажетті құралдармен толық жабдықталған. Инфекциялық сырқат жұқтырған адамдарды емдеу үшін қандай заманауи мүмкіндіктер бар? 
Соңғы тәулікте Павлодарда 20 адамның коронвирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл алдынғы күнмен салыстырғанда екі есе ұлғайғандығын білдіреді. 


Павлодар коронавирус аурухана

Хабарламаларға жазылу