Бүгін - Кедейшілікті жою жолындағы халықаралық күрес күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Кедейшілікті жою жолындағы халықаралық күрес күні

17.10.2016
Бүгін - Кедейшілікті жою жолындағы халықаралық күрес күні

Кедейшілікті жою жолындағы халықаралық күрес күні. Бұл күн «АТД-Eourth World» атты француз қайырымдылық қозғалысының және БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярдың бастамасымен атап өтіледі.

Международный день борьбы за ликвидацию нищеты

24 жыл бұрын (1992) Алматы облысының Күрті ауданында батыр, ғалым Қазыбек бек Тауасарұлына ескерткіш орнатылды.

Памятник Казыбек бек Тауасарулы

24 жыл бұрын (1992) Қызылорда облысының Қазалы ауданында қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресінің көшбасшыларының бірі Жанқожа батырға ескерткіш орнатылды.

Памятник Жанкоже батыру

5 жыл бұрын (2011) Алматыда қазақ композиторы, Халық Қаһарманы, ҚР Мемлекеттік сыйлық иегері, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіші ашылды.

Памятник Нургисе Тлендиеву

9 жыл бұрын (2007) ҚХР-ғы ҚР Елшілігі Бейжіңде Қытайдағы Қазақстанның Мәдениет күндерінің аясында шығарылған көркем иллюстрациялық журналдың тұсаукесері өтті.

8 жыл бұрын (2008) 17-нен 19-шы қазан күндері Түркия Республикасы Ризе қаласының университетінде Махмуд Қашқаридың туғанына 1000 жыл толуына арналған «Ата сөздігіміз, рухани кенішіміз» халықаралық симпозиумы болып өтті.

7 жыл бұрын (2009) Атырауда украинаның ұлы ақыны Тарас Шевченкоға арналған ескерткіш тақта орнатылды.

5 жыл бұрын (2011) Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов және Тәуелсіз Қазақстан» атты конференция өтті. Іс-шара Мұхтар Әуезовтің шығармаларын насихаттау мақсатымен өтті.

78 жыл бұрын (1938) философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты СӘБИТ Мұрат дүниеге келді.

77 жыл бұрын (1939) сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі БАЙМЫРЗАЕВ Орысбай Жұбайұлы дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1943) жазушы КҮМІСБАЙҰЛЫ Шәкен дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1943) ақын ӘКІМХАНОВ Мінуар дүниеге келді.

46 жыл бұрын (1970) қазақ эстрадасының әншісі ЗАБИРОВА Толқын Тоқтаубайқызы дүниеге келді.

 

Хабарламаларға жазылу