Бүгін - Халықаралық жемқорлықпен күрес күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Халықаралық жемқорлықпен күрес күні

09.12.2016
Бүгін - Халықаралық жемқорлықпен күрес күні

9 желтоқсан, жұма, 2016 жыл

Халықаралық жемқорлықпен күрес күні

Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен атап өтіледі. 2003 жылы дәл осы күні Мексиканың Мерида қаласында өткен жоғары деңгейдегі саяси конференцияда 2003 жылы қарашаның 1-інде Бас Ассамблея қабылдаған Коррупцияға қарсы БҰҰ-ның Конвенциясы қол қою үшін ашылды. Құжат оған қол қойған мемлекеттерге пара, бюджеттік қаражат пен жемқорлық табыстарды кәдеге жарату қылмыс деп жариялауды міндеттейді. Конвенция барлық құрылымдары ұлттық әл-ауқатқа зиян келтіретін жемқорлық жайлаған елдер үшін өте маңызды.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

8 жыл бұрын (2008) Қарағандыда ұлы ғалым және ойшыл Абайға арналған ескерткіш ашылды.

7 жыл бұрын (2009) Алматыда «Мой бизнес. Казахстан» журналының алғашқы саны жарыққа шықты.

6 жыл бұрын (2010) Петропавлда саябақ пен халықтың суырып салма ақыны Үкілі Ыбырай ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті.

 

ЕСІМДЕР

107 жыл бұрын (1909-1983) ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ақай НҮСІПБЕКОВ дүниеге келді.

88 жыл бұрын (1928-1997) тарих ғылымының докторы, профессор КЕРІМБЕКОВ Орынбек дүниеге келді.

82 жыл бұрын (1934-2007) ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор ДӘУЛЕТҚАЛИЕВА Кира Мұташқызы дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1938) заң ғылымының кандидаты, профессор, Халықаралық ақпараттану академиясының академигі Кеңес Мәсімханұлы БЕЙСЕБАЕВ дүниеге келді.

66 жыл бұрын (1953) американдық актер, продюсер және режиссер Джон МАЛКОВИЧ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу