Елордадағы Жекпе-жек сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елордадағы Жекпе-жек сарайына ресми түрде Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Осыдан бірнеше жыл бұрын осы Жекпе-жек орталығының іргетасы қаланып жатқанда Жақсылық ағамыз үлкен ұлы Жандоспен бірге құрылыс басталғалы жатқан жердің жанынан өтіп бара жатады. Енді ғана қазығы қағылып жатқан жерге қарап: «Осы қазаққа, қазақтың спортына, қазақтың күресіне бір кісідей-ақ еңбек сіңірдім деп ойлаймын. Әсіресе, Одақтың даңқы дәуірлеп, біздің ұлттың өкілдерінің бәйге алмақ түгіл, өзгемен тең тұруының өзі мұң болып тұрған шақта Олимпиаданың жүлдесін жұлып алдым. Онымды бүгінгі қазаққа міндет қылмаймын, әрине. Ол кезде жастықтың буымен білінбеген де екен. Қазір ойлаймын, әлі күнге өзімнің ізімді басатын жігіттердің шықпағанына қарағанда, сол 80-дегі Олимпиада маған да оңайға соқпаған екен-ау деп.
Енді бір арманым бар, шіркін осы Жекпе-жек орталығының құрылысы бітіп, менің атымды берсе ғой, арман жоқ еді ау» деген екен. Жандос: «Ой әке-ай, бұл қай уақытта салынып бітеді дейсіз? Оған дейін кім бар, кім жоқ? Қандай шешім қабылданады? Білмейміз ғой...» деп қоя салады», - деп жазды Уәли Ғacebook-те.
Оның айтуынша, даңқты спортшы бақилық болғаннан кейін осы әңгімені Мемлекет басшысы естіген. Президент бірден қолдап, тиісті орындарға тапсырма берген.
«Сөйтіп, күні кеше ғана Үкіметтің ресми Қаулысы шықты. Жекпе-жек сарайы ресми түрде Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың атымен аталатын болды», - дейді Уәли.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08
Жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аяқталды
04.04.2026, 20:07
СҚО-да 37 мың адам сенбілікке шықты
04.04.2026, 20:05
Қытайлық блогер Т.Минсю ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
04.04.2026, 20:05