Шамадан тыс жүк тиеген көліктерден жолдар бүлініп жатыр - депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шамадан тыс жүк тиеген көліктерден жолдар бүлініп жатыр - депутат

26.11.2020

Автожолдардың сапасы бойынша Қазақстан 141 елдің ішінде 93-орында. Елімізде төселген жолдардың тек 9 пайызы 10 тоннадан артық салмақты көтере алады. Осыдан кейін ірі габаритті көліктер жолдардың тез бүлінуіне себеп болып отыр. Сенаттың кезекті отырысында депутат Рысқали Әбдікеров осылай деп Үкіметке сауал жолдады. «Шамадан тыс ауыр салмақты көліктерге шектеу жасалмайды. Көліктік бақылау инспекцисы дәрменсіз», - дейді депутат. 

Елімізде ұзындығы 95600 шақырым болатын жолда небәрі 53 бақылау бекеті бар. Бұл ретте олардың санын арттырып, салмағы 25 тоннадан асатын жүк көліктерін заң шеңберінде технологиялық транспорттар санатына жатқызу қажет. Сонымен қатар, жүк тасымалын тексеруді полиция құзұрына да беру керек.

Рысқали Әбдікеров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
2018-2020 жылдары келтірген зияняы 11 млрд теңгеге жуықтаса, тек 1 млрд теңгедан астам ғана айыппұл салынған. Өз кезегінде Қазақстан аумағындағы автожолдарда жүретін ауыр салмақты автокөліктердің 10 проценті ғана бақылау бекеттерінде тексеріледі.

Тұрғын үй құрылысына бағытталған «Нұрлы жер» бағдарламасына бөлінген 874 млрд теңгенің жартысы игерілмей қалған. Ал баспана кезегінде тұрғандардардың саны артып барады. Сенатор Андрей Лукин тұрғын үйдің бөлінуі мен мұқтаж азаматтарға қатысты Үкіметтен нақты ақпарат беруді сұрады. Баспана кезегінде тұрғандар бойынша Нұр-сұлтан қаласы мен Алматы облысы көш бастап тұр. Қос шаһарда 90 мыңға жуық адам тұрғын үйге зәру. 

Дарын Сағитов

депутаттық сауал

Хабарламаларға жазылу