Әлемде коронавирус жұқтырғандар 60 миллионнан асты
Әлемде коронавирус жұқтырғандар 60 миллионға жетті. Мұндай науқастар Еуропаның Испания, Франция, Ұлыбритания сияқты елдерінде қазір қайта көбейе бастады. Қарт құрлықта соңғы бес күннің өзінде ковид диагнозы қойылғандар 1 миллионға артып, олардың жалпы саны 16 миллионға жеткен. Ал қайтыс болғандар бүкіл дүниежүзі бойынша 1 миллион 400 мыңнан асып отыр.
Жұқтырғандар саны бойынша АҚШ, Бразилия, Үндістан, Франция, Ресей тәрізді елдер алдыңғы қатарда тұр. Қытай, Оңтүстік Корея, Австралия, Жаңа Зеландия, Сингапур болса, қатаң шектеу шараларының арқасында пандемияны ауыздықтай алған мемлекеттер санатына енді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан тарихының алтыншы томы бекітілді
18.05.2026, 13:18
Қазақстан мен Татарстанның мәдени байланысы беки түспек
18.05.2026, 13:15
Атыраудағы атышулы іске қатысты сот басталды
18.05.2026, 13:12
Жетісу облысында шегіртке ошақтары анықталды
18.05.2026, 13:09
Эболаның өршуіне байланысты ДДСҰ халықаралық төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 13:06
Аллергияға қарсы отандық вакцина сыналуда
18.05.2026, 13:03
Халықтың 84%-дан астамы ел дамуының бағытын қолдайды
18.05.2026, 13:00
Бүгін – Халықаралық музей күні
18.05.2026, 10:33