Әлемде коронавирус жұқтырғандар 250 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар 250 миллионнан асты

08.11.2021

Бүгін әлемде коронавирус жұқтырғандар 250 миллионнан асты. Дегенмен «Рейтер» агенттігінің дерегінше, соңғы үш айда бұл инфекцияға шалдығатындардың тәуліктік саны 36 пайызға төмендеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, 2022 жылдың соңына дейін ковид бақылауға алынып, планетада оны жұқтыру оқиғалары мен өлім-жітім азаяды. Қазір пандемия жер шарының 240 елінің 55-де күшейіп келеді. Солардың қатарында Ресей, Украина, Грекия бар.

Сарапшылардың айтуынша, Еуропада әр төрт күнде миллион адамның коронавирус жұқтыруына вакциналау деңгейінің төмендігі себепші. Бірақ денсаулық сақтау мамандары көптеген мемлекеттер вакциналар мен табиғи әсердің арқасында пандемияның ең нашар кезеңін артта қалдырғанын айтып отыр. Бірақ қыстың жақындауы мен алдағы мерекелік жиындар жағдайды қайта нашарлатуы мүмкін деген болжам тағы бар.


Хабарламаларға жазылу