Көкшетауда екі адамды өлтірген қылмыскер 25 жылға сотталды
Көкшетауда екі қарияны асқан қатыгездікпен өлтірген қылмыскерге сот үкімі шығып, 25 жылға сотталды. Бұл істі алқа билер соты қарады. Олар 24 жасар Щучинск қаласының тұрғынын кінәлі деп таныды. Қанды оқиға биыл 29-сәуірде болды. Қылмыскер бірнеше күн бұрын пәтерді тонамақ болған. Бірақ арам ойы жүзеге аспаған. Кейін түнде қайта оралып үйде болған ерлі-зайыпты зейнеткерлерді қинап өлтірген. Марқұмдардың туған-туыстары алқабилер сотының шешімімен келіспейді.
Арлан Қосжанов, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:-Достов Владимир Владимирович қылмыстық кодекстің 191, 188, 193, 99, 287-баптары бойынша кінәлі деп танылды. Тағылған айыптар толық дәлелденді. Барлық жазаларды қосу нәтижесінде 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Хәкім Бейсенбаев, жәбірленуші:-Өмір-бақи бас бостандығынан айырылуы керек еді.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурызнама: 19 наурыз – Жаңару күні
19.03.2026, 11:07
Қоқысты сұрыптау– қоршаған ортаға деген құрмет
19.03.2026, 10:07
«Таза Қазақстан»: Үздік экомектептер анықталды
19.03.2026, 10:06
Сарапшы: Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары негізгі басымдық ретінде бекітілген
19.03.2026, 10:05
Жамбылдық әжелер балабақша бүлдіршіндеріне ертегі оқып жүр
19.03.2026, 10:04
Иран көрші елдерге соққы берді
19.03.2026, 10:03
Талдықорғанда 40-тан астам отбасы баспаналы болды
19.03.2026, 10:02
Reuters: Трамп Таяу Шығысқа жаяу әскер жіберу мәселесін қарастырып жатыр
19.03.2026, 10:02