Табыс салығын төлеу кейінге шегерілуі мүмкін

24.11.2020

Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану кезінде жеке табыс салығын төлеу кейінге шегерілуі мүмкін. Яғни ақшасын шешіп алған азамат қаражаттың салығын бірден емес, зейнетке шыққан соң бөліп төлей алады. Парламент Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Құжатта бұдан бөлек, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық пен жер салығы бір төлемге біріктірілетіні жазылған. Ал көпқабатты үй тұрғындар жер салығын төлемейді. Көлік салығын төлеу мерзімін келесі жылдың сәуіріне дейін ұзартылмақ.   

Ақерке Бектас 


Табыс салығы зейнетақы Салық кодексі

Хабарламаларға жазылу