Зейнетақы жинағын пайдалану кезінде салынатын салық кейінге қалуы мүмкін
Мәжіліс зейнетақы жинағын пайдалану кезінде салынатын табыс салығын кейінге қалдыру туралы түзетуді қабылдады.
Депутаттар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Cенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады. Түзетулерге сәйкес, қазақстандықтар зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану кезінде табыс салығын бірден төлемейді, яғни, зейнетке шыққан соң бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Депутат Сергей Симоновтың айтуынша, Сенат енгізген түзетулер заң жобасының тұжырымдамалық мәнін өзгертпейді.
«Заң жобасы жеке тұлғаларға біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану кезінде жеке табыс салығын төлеуді кейінге қалдыру құқығын береді, сондай-ақ оны есептеу, ұстау және төлеу тәртібін айқындайды, сонымен қатар пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілеріне бөлшек сауда салығын төлеу құқығын беру үшін бөлшек сауда салығына арнайы салық режимін енгізуге бағытталған», - деді депутат.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Премьер лигасы жылды қорытындылады
11.12.2025, 13:28
«Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубы спорттық сайыс өткізді
11.12.2025, 13:24
Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
11.12.2025, 13:21
Қостанайда сотталғандар жұмыс істейтін өндіріс орны ашылды
11.12.2025, 13:18
Көкшетауда аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталығы ашылды
11.12.2025, 13:15
$1 миллионға АҚШ-қа виза алуға болады
11.12.2025, 13:12
Грекия фермерлері шеруге трактормен шықты
11.12.2025, 13:09
Жетісу облысында жол ережесін 33 рет бұзған жүргізуші анықталды
11.12.2025, 13:06