104 рет ереже бұзған көлік жүргізушісі 2 млн теңге айыппұл төлеуі тиіс

24.11.2020

Елімізде жалған нөмірмен жүретін көлік жүргізушілері көбейіп барады. Атырауда бірнеше мәрте жол ережесін бұзған 24 жасар тұрғын ұсталды. Ол жалған нөмірмен 104 мәрте ереже бұзып, 2 млн теңгеден артық айыппұлды төлемеген. Полицейлер «Toyota Camry» маркалы темір тұлпарды тізгіндеген бұзақыны ұстаған бойда ереже бұзғаны үшін 9 хаттама толтырып, тағы 180 мың теңге айыппұл салды. Көлік айып тұрағына қойылды. 

Жандос Темірғали

Жалған нөмір айыппұл

Хабарламаларға жазылу