Өзбек елінде 45 науқас тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбек елінде 45 науқас тіркелді

23.03.2020

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 46-ға жетті. Тағы 12,7 мың адам карантинге жабылған. Эпидемияға тосқауыл қою үшін ел астанасы Тәшкент бүгін түнгі сағат 12-ден кейін көліктің барлық түрлері үшін жабылады. Қатаң шектеулерге қарамастан, коронавирус құрбандарының саны Еуропа мен Құрама Штаттарда артып келеді. Ал, Азияға коронавирус дағдарысының екінші толқыны қатер төндіре бастады. Соңғы тәулікте Таиландта, Камбоджада, Сингапурда, Гонконгта, Малайзияда, Индонезияда вирус жұқтырғандар күрт көбейе түсті. Осы күндері Дели мен Мумбайдың да көшелері босап қалған. Бірер күн бұрын Италия пандемия құрбандары саны жағынан Қытайды басып озды. Апенин түбегінде Covid-19-ке 59 мың адам шалдығып, 5500-ге жуығы қаза болған. Германияда бір жерге екі адамнан артық жиналуға тыйым салынып, тіпті канцлер Ангела Меркельдің өзі карантинге жабылды. АҚШ президенті Дональд Трамп болса, Нью-Йоркте, Калифорнияда, Вашингтонда дереу 4000-орындық медициналық станциялар мен госпитальдар салуға бұйрық берді. Ал, Сенат Америка экономикасын құтқаруға 1 триллион доллар бөлу туралы заңды тағы дауысқа салмақ. Қытай вирусының кесірінен қазір жер бетінде бір миллиардқа жуық адам үйде отырса, ғалам экономикасы ондаған жылдар бойы көрмеген үлкен рецессия қаупіне тап болды.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу