Үндістанда Нью-Делиде фабрика өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда Нью-Делиде фабрика өртенді

09.12.2019

Үндістан астанасы Нью-Делиде фабрика өртеніп, 43 жұмысшы қаза тапты. Апат басталғанда, олар ғимарат ішінде ұйықтап жатқан. Құтқарушылар 60-тан астам адамды сыртқа аман-есен алып шықты. Ащы түтіннен олардың көбіне иіс тиіп, естерінен танып қалған.

Трагедия қаланың орталық аудандарының бірінде болды. Алапат жалын 6 қабатты ғимараттың 55 текше метрін шарпыған. Сөмке шығаратын кәсіпорында сақталған көп мөлшердегі шикізат өрттің тез таралуына ықпал етті. Дегенмен, оның неден басталғаны әзірге белгісіз. Мамандардың ойынша, жұмыс орнында өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Оқиғаға байланысты полиция фабрика қожайынын тұтқындап, қылмыстық іс қозғады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу