Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады

22.11.2020

Тұңғыш Президенттің жұмыс аптасына орай: Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады - күрделі эпидемиологиялық ахуал, әлемдік экономикалық дағдарыс пен аймақтық сын-қатерлер жағдайында ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қызметін үйлестіруді күшейту қажеттігін атап өтті. 

Ә.Исекешев Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының ұлттық қауіпсіздіктің, оның ішінде экономикалық, ақпараттық және әскери қауіпсіздіктің негізгі бағыттары бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары, құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту және елдегі қылмыс деңгейін төмендету бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Тұңғыш Президент «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті де қабылдады. Мырзахметов пандемия жағдайында отандық бизнесті қолдау шаралары туралы мәлімет беріп, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар шығаратын отандық өндірушілермен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов білім беру, денсаулық сақтау, полиция, мәдениет, спорт саласы қызметкерлері мен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға арналған қолжетімді баспана құрылысының барысы туралы әңгімелеп, қаланың жол және инженерлік инфрақұрылымы, әлеуметтік жобалар бағытында қабылданған шаралар туралы айтты, деп жазды Елбасы сайты.


Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешев

Хабарламаларға жазылу