Н.Назарбаев Тұңғыш Президент - Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев Тұңғыш Президент - Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдады

08.01.2020

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент - Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдады. Кездесу барысында Қордың әлеуметтік және білім беру салаларындағы жобаларының іске асырылуы туралы баяндалды. Сонымен қатар қор жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының қызметі жайлы ақпарат айтылды. Бұдан бөлек, Қордың трансформациясы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайы да қозғалды. Келесі жылы Тұңғыш Президент Қорының негізгі бағыттары бойынша 125 іс-шара өткізу жоспарланған.  

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу