ҚР Президенті Ә. Исекешевке инвестициялар тартуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Президенті Ә. Исекешевке инвестициялар тартуды тапсырды

04.02.2014
ҚР Президенті Ә. Исекешевке инвестициялар тартуды тапсырды
Н.Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевті қабылдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
 
Ә.Исекешев министрліктің 2013 жылғы жұмыс қорытындылары, соның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру және Индустрияландыру картасының жобалары, сондай-ақ 2014 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.
Сондай-ақ, Ә.Исекешев өнеркәсіптің базалық салаларының өсу қарқыны, салалық бағдарламаларды жүзеге асыру және индустрияландыру аясында бизнесті қолдаудың негізгі шаралары жайлы хабардар етті.

Қазақстан Президенті өнеркәсіпті, электр энергетикасын, арнайы экономикалық аймақтарды одан әрі дамытуды, сондай-ақ шетелдік инвестициялар тартуды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығының жобасы инновациялық тұрғыда қамтылуын ескере отырып, сапалы әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Хабарламаларға жазылу