Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты

22.11.2020

Президенттің бейнеконференция форматында өткізген шетел инвесторлары кеңесінің жұмыс кездесуі бойынша. Коронавирус пандемиясы әлемнің барлық мемлекетінің, біздің де негізгі салаларды тұралатты. Экономика әлсіреп бара жатқан тұста олардың – шетелдік ірі инвесторлардың белсенділігін төмендетпеу керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі бизнес ахуалды жақсарту қажеттігіне арнайы тоқталды. Бұл орайда Үкімет барлық бақылау-қадағалау, рұқсат беру және өзге де реттеуші тетіктерге ауқымды тексеру жүргізеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы биыл өзінің тікелей тапсырмасымен инвесторларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау жұмыстары күшейтілгенін атап өтті. Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жалпы сомасы 12 трлн теңгеден асатын 500-ден астам инвестициялық бизнес-жобаны тексеріп жатыр.  Президент экология мәселесіне де назар аударып, жиынға қатысқан шетелдік инвесторларға жаңа Экологиялық кодекстің әзірленіп жатқанын айтты. 

Цифрлық экономика бойынша. Мемлекет басшысының айтуынша, отандық IT-саласын дамыту үшін Қазақстан алдағы 5 жылда кемінде 500 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр. Аталған сала әлемдік технологиялық компаниялардың елеулі қолдауына зәру.   

Үкімет 2025 жылға қарай дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін 50 процентке дейін арттыруды жоспарлаған. Сондай-ақ, медициналық жабдықтар мен қосалқы материалдар өндірісін ұлғайту қажет. Бұл салалар инвестиция үшін ашық, мемлекет мұндай жобаларды қолдауға әзір.

Жиында мұнай-газ саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту арнайы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев мұнайға сұраныстың азаюы және саланың инвестициялық тартымдылығының төмендеуі кезінде жаңа күрделі жағдайларға бейімделу оңайға соқпайтынын жеткізді. Бұл ретте осы бейімделудің едәуір бөлігі мемлекеттік саясатпен байланысты болады деп санайды.

Президент Қашаған кен орнын толық көлемде игеріп, онда газ өңдеу зауытын тезірек салуды тапсырды. Мұнай-газ жобаларында қазақстандық мазмұнды арттыру қажеттігіне тоқталды. Президент қажеттілікке қарай, экономикалық мүддеге сай салық заңнамасын жетілдіруге дайын екенін мәлімдеді. 



Қазақстан Президенті инвестор

Хабарламаларға жазылу